ӨЭжҚК студенті — аймақтық чемпионаттың жеңімпазы!

«Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті Советханова Аружан әлеуметтік серіктесіміз Халық Банкі ұйымдастырған «Сарапшылар шайқасы» облыстық чемпионатына қатысып, «Expert Homebank» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.

Аружанды және оның ғылыми жетекшісі Хомова Татьяна Маратовнаны құттықтай отырып, республикалық чемпионатта жеңіске жетуіңізге тілектеспіз!

Поделиться: