ӨЭжҚ колледжінде «2020-2021 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру»тақырыбында бейнеконференция режимінде ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарды жаңа оқу жылындағы оқыту форматтарымен, білім беру интернет-платформасымен таныстырды, қашықтықтан оқыту кезеңіндегі ата-аналар мен білім алушылардың жауапкершілігі туралы еске салды. Сондай-ақ жиналыстарда студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысу мәселелері қаралды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әрқайсысы жауап алды.

Колледж әкімшілігі мен педагогтар командасы сіздерге, құрметті ата-аналар, бірлік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!

Сіздерге зор денсаулық және оқуда табыс тілейміз!

Поделиться: