Білім беру Интернет-платформасында ӨЭжҚ колледж студенттері мен оқытушыларының жұмысын бақылау

Өскемен Экономика және Қаржы колледжі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 2020-2021 оқу жылын қашықтықтан форматта бастады. Қашықтықтан оқыту Google сlassroom платформасында жүргізіледі.

Google Classroom — бұл білім беру процесін ұйымдастыруға арналған заманауи бұлтты платформа. Бұл платформа оқытушылар мен студенттердің ынтымақтастығына негізделген жемісті оқу қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Google Classroom оқу процесін ұйымдастырудың кең мүмкіндіктерін ұсынады.

Директордың оқу ісі жөніндегі ,  оқу-өндірістік бөлімі жөніндегі ,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бөлім меңгерушісі, колледж әдіскері интернет-платформаның білім беру контентінің сапасына, студенттердің сабаққа үлгеруіне және қатысуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

Оқу процесінің маңызды элементтерінің бірі-ата-аналармен жұмыс. Жоспар бойынша ата-аналар жиналыстары, әңгімелесулер өткізіледі. Оқытушылар үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша оқыту семинарлары өтеді. Осы мәселелердің барлығы күн сайын директор жанындағы жиналыстарда қаралады.

Поделиться: