22 қазанда Өскемен экономика және қаржы колледжінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Іс-шараның ашылуы мемлекеттік әнұранды ұжымдық орындаудан басталды. Содан кейін колледж әкімшілігі мен қызметкерлері құттықтау сөз сөйледі. Құттықтаулардан кейін колледж студенттері үлкен мерекелік бағдарламамен өнер көрсетті. Балалар Республика күніне арнайы дайындалған өлеңдер, тілектер мен әндерді орындады. Мерекелік іс-шара тиісті деңгейде өтті.