Республика күніне арналған дебаттық турнир

 Өскемен экономика және қаржы колледжінде мереке қарсаңына «Алау» дебат клубының жетекшісі А.А.Ауеспаева мен клуб мүшелері «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!» тақырыбына топтар арасында турнир өткізді. Турнирге 21ЭБ-21к тобы мен 21ФН-21к тобының студенттері қатысты. Команда мүшелерінің тақырып бойынша дайындықтары пікірсайыс кезінде жоғары деңгейде болғаны байқалды. Ол қатысушылардың кез-келген тығырыққа әрқашан ойластырылған, деректерге негізделген сенімді де нақты жауаптарынан анық көрінді. Іс-шара төрешілер мен қатысушыларға ғана емес көріп отырған студенттердің де қызығушылықтарын арттырды.

Поделиться: