2022 жылғы 15 қарашада «Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық мақсатында «жұмыс берушілер күніне»іс-шара өткізді.

«Есеп және аудит» және «банк және сақтандыру ісі» мамандықтары бойынша бітіруші топтардың студенттерімен кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Дәулетбек Еламан, «Halyk Bank» АҚ Карталық бизнес орталығының бас менеджері Рахметолла Еламан Асқарұлы, «Halyk Bank» АҚ жылдық өнімді есепке алу жөніндегі аға операторы Мұратова Жарқын Айдарқызы шақырылды. Аталған мамандардың барлығы біздің колледждің түлектері екендігі ерекше мақтаныш сезімін тудырады.

Сондай-ақ, «1С-Рейтинг» ЖШС және «VOSCA» ЖШС-мен бірлесіп «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенттері үшін кәсіпорын бойынша экскурсиялар өткізілді.

Колледж қонақтары жемісті ынтымақтастығы үшін «Өскемен экономика және қаржы колледжі»  ЖШС-нің алғыс хаттарымен марапатталды. Біз қалыптасқан іскерлік қатынастардың сақталуына сенеміз, 2023 жылы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз. Бизнесте серпінді даму, табыс және жаңа шыңдар тілейміз.

Поделиться: