Біз «Ашық жүрек» волентерлар тобы жетекшіміз Какенова Алтынай Әділбекқызымен бірге, 22.09.2023 жылы Өскемен қаласының тұрғыны жалғыз басты ардагер апамызға қол ұшын созып көмек көрсеттік. Ол жерде біз үйдің жанындағы құлап қалған ағашты кесіп, жинап үйшікке тасып бердік. Үй ішіндегі жиһаздардың орнын ауыстырып, қыздар үй шаруашылығына ат салысты. Әрине, бұл жасаған жақсылықтарымыздың соңы емес. Сонымен қатар, 24.09.2023 жылы Өскемен қаласының республика алаңынды атаулы марафонның жоғары дәрежеде аяқталуына да волонтерлар ретінде ат салыстық. 14-17 жасар жасөспірімдер 3км қашықтықта, одан кейін 18 жастан бастап жоғарғы санаттағы жарысқа қатысушыларымыз 10км қашықтықты бағындырып шықты. Біздің волонтерларымыз жарысқа қатысушыларға су беріп, медаль тағып, диплом грамоталарын ұсынып, өте қарқынды түрде қолдау көрсеткен болатын.Біздің волонтерлар болудағы басты мақсатымыз:Адамдардың жүзіне күлкі сыйлап, мұқтаж жандарға көмек ретінде қолымыздан келгенін аямау. Қай қырынан көмектесе аламыз,біз бәріне дайынбыз. Ең бастысы:«Жақсылық жасап жарысайық». Еліміздің болашағына титтей болсын үлесімізді қосу біздің парызымыз.

Поделиться: