Психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес 1 және 2 маусымда Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттерімен педагог-психолог Р.Б.Төлегенова буллинг және кибербуллинг бойынша алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллинг құрбандарына психологиялық қолдау және көмек көрсету қарастырылды. Іс — шара соңында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Поделиться: