Топтың үздік оқырманы

Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру мақсатында 1 курс студенттері арасында «Топтың үздік оқырманы» тақырыбында сайыс өтті.  Сайыстың негізгі мақсаты: оқу мәдениетін арттыруға, ой-өрісі мен эрудициясын дамытуға үлес қосу; шығармашылық қабілеттері мен шешендік өнерін дамыту, оқу мәдениеті жоғары оқушыларды анықтау. Студенттер прозалық шығармалардан монологтар мен сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Классикалық туындылармен қатар, замануи жазушылар мен ақындардың шығармалары таңдап алынды.

Поделиться: