Өскемен экономика және қаржы колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқыған адам – табысты адам» атты кітапханалық квилт дайындалды.

Қазір бүкіл әлемде стандартты емес шешімдер қабылдауға қабілетті, креативті ойлай алатын, креативтілік таныта алатын адамдарға сұраныс бар. Табысты өмірге деген ұмтылысты үнемі ынталандырып отыру керек және бұл өзін-өзі дамыту жолында бізге көмекші – кітап болады.

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылды: Оқыған адам оқымайтын адамнан несімен ерекшеленеді? Адамның жетістігі оның кітап оқуға деген сүйіспеншілігіне қалай байланысты?

Оқушылар қойылған сұрақтарға өте қызықты жауаптар жазды: «Кітаптар қуаныш пен рахат әкеледі. Кітап қиын жағдайдан шығудың жолын ұсына алады. Кітап біздің ойымызды дамытады. Кітаптар біздің дүниеге көзқарасымызды кеңейтеді».

                   Бірінші қадам жасау әрқашан ең қиын. Жетістікке жеткендер қатарынан да асып  өсіңіз және табысты болуды үйреніңіз!

Поделиться: