«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, Өскемен экономика-қаржы колледжінде, колледж кітапханашысы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп «Қазақстанның салт — дәстүрлері кітап дерек көздерінен» атты кітапхана квестін өткізді. Шараның мақсаты – студенттерді кітап оқуға, төл сөзге баулу, еліміздің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру, қазақ халқының тарихи мұрасының әр кезеңдеріне арналған әдебиеттерді танымал ету. Бұл шарада квест қатысушылары Қазақстан тарихы бойынша білімдерін сынауға, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениеті мен тілін есте сақтауға бірегей мүмкіндік алды.

 

Поделиться: