«Кітапханашы – шығармашыл тұлға»

Өскемен экономика-қаржы колледжінің кітапханасында, 24 қазан – Кітапханашылар күні қарсаңында, өзін-өзі басқару күні өткізілді. Осы күні ерікті студенттер кітапхана қызметкерлерінің күнделікті жұмысына кірісті. Олар — оқу құралдары мен оқулықтарды студенттерге беру, оқырман формулярларын толтыру, жаңадан келген мерзімдік басылымдарды сұрыптау және тігу. Бұл шараның мақсаты: оқуға деген көзқарасты қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасауды, дербестікті, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікті дамыту.

Поделиться: