Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері Мәскеу қаласындағы «1С» фирмасымен және «1С-Рейтинг» компаниясымен 1С:Бухгалтерия бойынша ұйымдастырылған халықаралық олимпиадаға қатысып, барлық жүлделі орындарға ие болды.

I орынды «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті Аминова Сания жеңіп алып, Алматы қаласында өткен финалға жолдама алды.

II орын-Семенова Полина, 3-ші курс, «Есеп және аудит» мамандығы.

III орын-Кислицина Анастасия, 3-ші курс, «Есеп және аудит» мамандығы.

Ғылыми жетекшісі-Хомова Татьяна Маратовна.

Жүлделер 30 Сәуірде онлайн форматта өтетін 1С технологияларына арналған Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда беріледі.

 

Құттықтаймыз!

Олимпиада қатысушыларына алдағы уақытта жеңістер мен жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Поделиться: