Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған пікір-сайыс
2025 жылдың сәуір айында колледжде қазақ халқының біртуар перзенті, ұлы композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің (1925–1998) 100 жылдық мерейтойына орай «Алтынына сенгенше, ақылына сен» тақырыбында студенттер арасында пікір-сайыс өтті.
Пікір-сайыстың мақсаты – жастардың ой-өрісін кеңейтіп, шешендік өнерін дамыту, ақыл-парасаттың адам өміріндегі маңызын ұғындыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру болды.
Шара барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қарсы пікірге дәлелді жауап қайтара білу қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, топпен жұмыс істеу, пікірталас мәдениетін сақтау сынды маңызды дағдыларын да айқын танытты. Қазылар алқасы студенттердің белсенділігіне, логикалық ойлауына және сөйлеу шеберліктеріне жоғары баға берді.