ҚАЕУ – мен халықаралық ынтымақтастық: шетелдік сарапшылар колледж студенттерімен сабақ өткізді

Халықаралық ынтымақтастық аясында біздің колледждің IT мамандықтарының студенттері үшін шетелдік мамандардың қатысуымен сабақ өткізілді. Студенттерге Техас штатынан (АҚШ) инженер-программист Трэвис Уильямсон және халықаралық RIE ұйымының өкілі, Қазақ-Американдық еркін университетінің (КАСУ) профессоры Рон Уайли сөз сөйледі.

Сарапшылар ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық жолы, халықаралық компанияларда жұмыс істеудің ерекшеліктері мен бағдарламалаудағы практикалық мәселелерді шешу жолдары туралы әңгімеледі.

Сабақ интерактивті түрде өтті. Студенттер жоғары қызығушылық танытып, белсенді түрде пікірталасқа қатысып, сұрақтар қойып, IT саласында табысты карьера құру жөнінде бағалы кеңестер алды.

Мұндай кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтеді, кәсіби өсуге деген ынтасын қалыптастырады және болашақ мамандығына халықаралық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

Колледж халықаралық байланыстарды одан әрі дамыта отырып, шетелдік сарапшыларды шақырып, студенттерге үздік білім беру тәжірибелеріне қолжетімділік қамтамасыз етуді жалғастырады.

Поделиться: