Көрісу күні

14 наурыз күні Өскемен экономика және техника колледжінде қазақ халқының маңызды дәстүрлі мерекелерінің бірі – Көрісу күні аталып өтті. Бұл ерекше күн көктемнің келуін, жаңаруды, сондай-ақ достық пен туыстық байланыстарды нығайтуды білдіреді.

Шара салтанатты құттықтаудан басталып, оқытушылар мен студенттер бір-бірін осы жарқын мерекемен құттықтады.

Көрісу күні тек отбасы мен достық қарым-қатынастардың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, жастардың ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырады. Мұндай іс-шаралардың білім ордаларында өткізілуі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыруға, ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал етеді.

 

Поделиться: