«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында 2025 жылғы 10-20 ақпан аралығында Өскемен экономика және техника колледжінде «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Акцияны алғашқылардың бірі болып колледж директоры Нәбиев Е.А. қолдап, өз үлесін қосты. Оның бастамасын колледж әкімшілігі, оқытушылар және студенттер белсене қолдап, кітапхана қорын құнды басылымдармен толықтыруға елеулі үлес қосты.
Іс-шараның басты мақсаты — кітапхана қорын өзекті әдебиеттермен байыту. Сондай-ақ, студенттерге оқуға деген сүйіспеншілік, өзара көмек және кітаптарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Акция жылы, достық атмосферада өтіп, барлық қатысушылардың кітапханаға деген қамқорлықтарын көрсетті.
Кітапхана қорын дамытуға үлес қосқан әрбір жанға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!