«УМЗ« АҚ өкілдерінің Жұмысшы мамандықтар жылы аясында
студенттермен кездесуі
Колледж қабырғасында түлектердің өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпордарының бірі «УМЗ» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара студенттерге жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында тәжірибеден өту, жұмыс шарттары және кәсіби даму мәселелері талқыланды. «УМЗ» АҚ өкілдері үміткерлерге қойылатын талаптар мен кәсіпорындағы жұмыстың артықшылықтары туралы айтып берді.
Еңбек өтілі жоғары мамандардың сөздері ерекше қызығушылық тудырды. Олар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, кездесетін қиындықтар мен жетістіктер жайлы айтып, құнды кеңестер берді. Жиында жұмысшы мамандықтардың экономиканың дамуына қосатын маңызды рөлі атап өтілді. Кәсіпорында токарьлар, дәнекерлеушілер, слесарьлар, сандық басқару жүйесі бар станок операторлары, инженерлер және жабдықтар мен құрамдас бөлшектерді өндірумен айналысатын басқа да мамандар еңбек етеді.