Колледж оқытушылары мен студенттері Ауған соғысы ардагерлерін еске алды
Өскемен экономика және техника колледжінің оқытушылары мен студенттері 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өткен тарихи-танымдық шараға қатысты. Биыл бұл оқиғаның аяқталғанына 36 жыл толып отыр. Шара барысында қатысушылар соғыстың тарихымен танысып, жауынгер-интернационалистердің ерлігі туралы тың мәліметтер алды.
Кездесуде аты аңызға айналған қолбасшы, “Қара майор” атанған Борис Керімбаев туралы деректі фильм көрсетіліп, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде Ауған соғысына қатысты құнды еңбектер ұсынылды. Шара патриоттық әнмен аяқталып, қатысушылар жауынгерлер рухына тағзым етті. Бұл күн – ерлік пен батырлықтың символы, өткеннен тағылым алатын маңызды тарихи сәт.