Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 22 қантарында сағат 11.00-де Республика алаңында Абай Құнанбайұлына 175 жыл толуына арналған ресми басталу өткізілді.
Осы іс-шараға Өскемен экономика және қаржы колледжінің оқытушылары Исаева Айсара Солтановна мен Ауеспаева Анар Аскаповна студенттермен бірге белсене қатысып, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.