2022 жылдың 14 ақпанында Өскемен экономика және қаржы колледжінде түлектердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі өтті.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 және 4 курс студенттері «Силумин – Восток» компаниясының бөлім басшысы Корякин Евгениймен кездесті.
Әңгімелесу барысында студенттерге кәсіпорынның негізгі қызметі, жастарды өнеркәсіптік автоматтандыру саласына тартуға бағытталған іс-шаралар туралы айтып берді. Колледжіміздің түлектері «Силумин – Восток» компаниясына өндірістік тәжірибеден өтуге, кейін жұмысқа орналасуға шақырылды.
