2026 жылғы 26 қазан мен 7 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында пара армрестлингінен 28-ші әлем чемпионаты өтті.

Өскемен экономика және техника колледжінің студенті Енин Богдан халықаралық спорт аренасында Қазақстан намысын абыроймен қорғап, күш-жігері мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Богдан сол және оң қолмен күресуден 3-орын иеленіп, екі қола медальға қол жеткізді.

Колледж ұжымы Енин Богданды айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы спорттық жолына сәттілік, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейді!

Поделиться: