2026 жылғы 5 қарашада Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-на барып, кәсіпорынның қызметімен және кәсіби даму мүмкіндіктерімен танысуға бағытталған кәсіптік бағдар беру кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында «ҮМЗ» АҚ өкілдері кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік құндылықтары, металлургия саласының ерекшеліктері, жас мамандарға қойылатын талаптар және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Презентациялық және демонстрациялық материалдарды пайдалану арқылы студенттер кәсіпорынның өндірістік қызметі жөнінде жан-жақты мәлімет алды.
Мұндай іс-шаралар колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға және білім алушылардың еңбек нарығының сұраныстары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді. Өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнату студенттердің кәсіби бағдарын айқындауға және болашақта жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.





