Колледж оқытушылары «1С:Кәсіпорын» жүйесі бойынша сертификатталған оқытудан өтті
Өскемен экономика және техника колледжі оқытушылары — Мустафина С.Ж., Акбаева Н.Т., Муратқызы А.және Акенева А.А. — 1С Қазақстан сертификатталған оқыту орталығында «1С:Кәсіпорын 8.3 жүйесінде бағдарламалау негіздері» атты сертификатталған курстан сәтті өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.
Оқу бағдарламасы педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге және 1С жүйесінде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Курс барысында тыңдаушылар бағдарламалаудың негіздерін, конфигурацияларды әзірлеу мен баптау қағидаларын, сондай-ақ «1С:Кәсіпорын 8.3» платформасын білім беру қызметінде қолдану мүмкіндіктерін меңгерді.
Өскемен экономика және техника колледжі педагогикалық құрамның кәсіби дамуына тұрақты түрде көңіл бөліп, оқытушылардың біліктілікті арттыру курстарына, сертификатталған білім беру бағдарламалары мен бейіндік тренингтерге қатысуын қамтамасыз етеді.
Педагогтердің біліктілігін арттыру білім беру процесіне заманауи IT-технологияларды енгізуге, мамандар даярлау сапасын арттыруға және білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.

