«WorldSkills Shygys–2026» қорытындысы:

Өскемен экономика және техника колледжі

ШҚО-ның үздік колледждерінің қатарына енді

 

Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін біріктірген «WorldSkills Shygys–2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындылары шығарылды. Чемпионат нәтижесі бойынша Өскемен экономика және техника колледжі ШҚО колледждері арасында командалық есепте II орын иеленіп, білім алушылардың жоғары дайындық деңгейі мен педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін дәлелдеді.

Колледж студенттері түрлі құзыреттіліктер бойынша оқу орнын лайықты таныстырып, терең білімдерін, кәсіби дағдыларды меңгеру деңгейін және жоғары нәтижеге деген ұмтылыстарын көрсетті.

Чемпионат жеңімпаздары атанған қатысушылар колледж мақтанышына айналды:

  1. «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігі — Дюсенов Алмас Жоламанович, жетекшісі Тлеулесова Гулим Жамаладиновна;
  2. «Бұлтты бағдарламалау» құзыреттілігі — Благодетелев Даниил Юрьевич, жетекшісі Ақбаева Назгул Тұрысбекқызы;
  3. «Бейнемонтаж» құзыреттілігі — Денисов Егор Ильич, жетекшісі Есильгельдинов Ермек Кайрбекович;
  4. «Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)» құзыреттілігі — Тихонов Никита Александрович және Капаров Нурислам Ризабек-ұлы, жетекшісі Ақбаева Назгул Тұрысбекқызы;
  5. «Кузов жұмыстары» құзыреттілігі — Калиолла Айбарс Айварұлы, жетекшісі Сембина Шырайлым Кайратовна;
  6. «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі — Аренов Диас Советханұлы, жетекшісі Салыкбаева Карина Ерлановна.

II орын иегерлері:

  1. «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану» құзыреттілігі — Кобзарь Данил Павлович, жетекшісі Кудайбергенов Ерлан Сапарбекович;
  2. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі — Бахытханұлы Арманжан, жетекшісі Манарбек Шыңгыс Манарбекұлы.

Студенттерімізді, тәлімгерлерімізді және өндірістік оқыту шеберлерін жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Поделиться: