Түлектердің ата-аналарымен семинар: дуальды оқыту және «Казцинк» базасындағы өндірістік практика
Өскемен экономика және техника колледжінде бітіруші курс студенттерінің ата-аналарына арналған семинар өтті. Семинар дуальды оқыту жүйесі мен «Казцинк» компаниясы базасындағы өндірістік практика мәселелеріне арналды. Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің Альянсы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ата-аналарға дуальды оқытудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Бұл жүйе колледждегі теориялық білімді кәсіпорындағы тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірістік практиканы ұйымдастыру шарттары, тәлімгерлік жүйе және студенттердің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, студенттердің кәсіби дамуы жөнінде толық ақпарат алды.
Осындай кездесулер колледж, жұмыс берушілер және студенттердің отбасылары арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
