Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара

Өскемен экономика және техника колледжінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кездесу колледждің әйел-педагогтарына кәсібилігі, білім беру ісіне адалдығы және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдіруге мүмкіндік берді.

Іс-шара аясында оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Сембина Шырайлым Кайратовна жастарды оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі, жоғары кәсіби шеберлігі және білім беру қызметіндегі жоғары нәтижелері үшін Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар Өскемен қалалық мәслихаты атынан Құрмет грамоталарымен колледж оқытушылары Тлеулесова Г.Ж., Акбаева Н.Т., Ауеспаева А.А., Сеитова М.Т., Мустафина С.Ж. марапатталды. Бұл марапаттар олардың нәтижелі педагогикалық қызметінің, жауапкершілігі мен білім сапасын арттыруға ұмтылысының айқын дәлелі болды.

Колледж ұжымы педагогтарды лайықты марапаттарымен құттықтап, білікті мамандар даярлауға және білім беру ортасының дамуына қосып жүрген еңбектері үшін алғыс білдірді.

Поделиться: