Өскемен экономика және техника колледжі ШҚО колледждер альянсы аясында әлеуметтік серіктесіміз ТОО «Казцинк» ұйымдастырған семинар-практикумға қатысты. Іс-шара инновациялық білім беру құралдары мен цифрлық технологияларды енгізуге арналды және кәсіби тәжірибе алмасуға маңызды алаң болды.

Семинар барысында колледж оқытушылары оқыту үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерімен танысып, сондай-ақ сабақтарды жобалау және педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Scaffold құралын қолдану бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

Ерекше назар Еуропалық құзыреттер шеңбері негізінде сараланған тапсырмаларды әзірлеуге аударылды. Бұл әдістемелік құралдарды кеңейтуге және әлеуметтік серіктеспен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Семинар ТОО «Казцинк» компаниясымен әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға және колледждегі білім беру үдерісін жетілдіруге маңызды қадам болды.

 

Поделиться: