Әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар мәселелері бойынша профилактикалық кездесу
2026 жылдың 22 қаңтары күні Өскемен экономика және техника колледжінде 1–2 курс студенттеріне арналған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуді Ульбин полиция бөлімінің УИП ОЮП ОМПС лейтенанты Долдаханов Н.Б. жүргізді.
Баяндама барысында студенттерге жастар арасында жиі кездесетін әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық түрлері, сондай-ақ заңнамада көрсетілген жауапкершілік түсіндірілді. Лектор құқықбұзушылықтың болашақ оқуына және кәсіби дамуына кері әсер етуі мүмкін салдарларға ерекше тоқталды. Сонымен қатар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жанжалдардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Студенттер белсенділік танытып, көкейдегі сұрақтарын қойып, түрлі өмірлік жағдайларда заңға сай әрекет ету бойынша практикалық кеңестер алды.
Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сондай-ақ колледжде қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал етеді.

