Жастардың құқықтық сауаттылығы: колледждегі профилактикалық кездесу

2026 жылдың 21 қаңтарында Өскемен экономика және техника колледжінде студенттермен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуді оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Талғатұлы Азамат жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің негізгі ережелерін түсіндіру болды.

Кездесу барысында құқықбұзушылық түрлері мен заңда көзделген жауапкершілік шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жастардың мінез-құлқына қатысты заң талаптары ерекше атап өтілді. Құқықбұзушылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, ұсақ бұзақылық, жалған ақпарат тарату сияқты өзекті мәселелер де қамтылды.

Студенттер кездесуге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өмірден алынған жағдайларды мысалға келтіріп, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің жекелеген баптарына қатысты түсініктеме сұрады. Ашық диалог форматы білім алушыларға өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ заң талаптарын бұзудың мүмкін салдарын ұғынуға мүмкіндік берді.

Поделиться: