Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы:
ұрпақтар диалогы

Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өткен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылармен мазмұнды кездесуге қатысты. Іс-шара жастарды патриоттық және азаматтық тұрғыда тәрбиелеу аясында ұйымдастырылып, ұрпақтар арасындағы мазмұнды диалогқа арналған маңызды алаңға айналды. Ел тарихының маңызды беттерін тереңірек танып-білуге ұмтылған студенттер үшін бұл кездесу ерекше қызығушылық тудырды.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тікелей қатысушылары — Базаров Акан Касенгалиевич, Бакужанова Бахытгуль Нуркумаровна және Раимханова (Жумадилова) Гульмира Кабдуловна қатысты. Қонақтар өздерінің жеке естеліктерімен бөлісіп, сол кезеңдегі бастан кешкен сынақтары, қоғамдық көңіл күй және Желтоқсан оқиғасының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы маңызы туралы әңгімеледі. Қонақтардың шынайы әрі әсерлі әңгімелері жастарға сол күрделі тарихи кезеңнің атмосферасын терең сезінуге мүмкіндік берді.

Тарихты оқулықтардан емес, тікелей көзі тірі куәгерлердің аузынан есту мүмкіндігі студенттерге зор әсер қалдырды. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық санасын, отансүйгіштік қасиеттерін және елдің тарихи өткенімен құрметпен қарауын қалыптастырып, тәуелсіздіктің құндылығын түсінуге және Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

Поделиться: