«Оқу – өзін-өзі дамыту жолы: эссе байқауының нәтижелері»

Колледжде бірінші курс студенттері арасында «Менің өмірімді өзгертетін кітап» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандық мәдениетті дамыту, әдеби шығармаларды талдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өз пікірін жазбаша түрде білдіре білу қабілетін дамыту.

Қатысушылар өздерінің жеке оқырмандық тәжірибелерімен бөлісіп, дүниетанымына, мінез-құлқына, өмірлік құндылықтары мен оқу мотивациясына әсер еткен кітап туралы эссе жазды.

Байқау көрсеткендей, оқу студенттердің өмірінде маңызды орын алады, рухани дамуына және құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай іс-шаралар жастардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, әдебиеттен шабыт алуға және өз ойларын ашық жеткізуге көмектеседі.

 

Поделиться: