Мен оқыдым, саған да кеңес беремін
Өскемен экономика және техника колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, экономика пәндерінің оқытушысы Тлеулесова Гүлім Жамаладиновна Роберт Кийсакидің «Бай әке, кедей әке» атты бестселлер кітабы ұсынылған «Мен оқыдым, саған да оқуға кеңес беремін атты библио-кросс өткізді.
Кітапта екі әкенің: биологиялық және рухани, тәрбиесінде болған бір адам туралы әңгіме өрбиді. Роберттің әкесі ғалым болды, социализм көзқарастарын ұстанды, ол кедей әке ретінде әрекет етті. Автор өзінің бала күнгі досының әкесін бай әке деп атаған, ол ер балаларды жастайынан ақша табуға және олардың қаржылық интеллектін дамытуға үйреткен. Бүкіл кітапта Роберт өздерінің әкелерін салыстырып отырады.
Мұғалім өз әңгімесі арқылы библио-кросқа қатысушыларды Мұғалім өз әңгімесі арқылы библио-кросс қатысушыларын кітап оқуға, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеуге және оқушылардың іскерлік қабілеттерін дамытуға шабыттандырды.