Салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі

1 шілдеде Өскемен экономика және қаржы колледжінде 2024 жылғы түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.

Топ кураторлары, ұстаздар мен ата-аналар тарапынан мерекелік шараның түлектеріне көптеген жылы лебіздер айтылды.

Колледж түлектері жақсы оқып қана қоймай, колледждің мәдени-қоғамдық өміріне де белсене атсалысты, оларға жылы лебіздер айтылып, алғысхаттар берілді.

Бітіру салтанаты толқу, аздаған мұң және қуанышпен өтті.

Құрметті біздің түлектер! Сіздерді диплом алуыңызбен құттықтаймыз және сенімді қадамдармен жолыңызды жалғастыруыңызға, қызметіңізге батыл кірісуіңізге және болашақта мамандығыңызда көптеген же

тістіктерге жетуіңізге тілектеспіз.

Поделиться: