Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері WorldSkills аймақтық чемпионатының жүлдегерлері атанды

 

2025 жылдың 7–10 мамыры аралығында Өскемен қаласында WorldSkills – 2025 аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионат барысында қатысушылар әртүрлі бағыттар бойынша кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Байқау тапсырмаларының қорытындысы бойынша колледж студенттері жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өз құзыреттіліктері бойынша жүлдегер атанды:

  • Бондарчук Михаил «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі — Акбаева Назгуль Турысбекқызы).
  • Кушнарев Денис «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша III дәрежелі дипломменмарапатталды (жетекшісі — Муратқызы Ақбота).

Бұл жетістіктер жүйелі және мақсатты дайындықтың нәтижесі болып табылады және колледжде жүзеге асырылып отырған кәсіби білім беру сапасының жоғары деңгейін дәлелдейді.

Студенттер мен олардың жетекшілерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Поделиться: