Өскемен экономика және техника колледжінің студенті Ткаченко Роман «1С: Бухгалтерия» өңірлік кәсіби байқауында үшінші орын иеленді. Ол жарысқа арнайы пәндер оқытушысы әрі колледжіміздің түлегі Щербакова Алёна Алексеевнаның жетекшілігімен дайындалды. Жетістігі үшін Ткаченко Роман ақшалай сертификатпен марапатталды.
Сонымен қатар, «1С: Кәсіпорын» номинациясында бірінші орынды біздің колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған түлегіміз Сухоносенко Роман жеңіп алды. Жүлде ретінде ол Алматы қаласына жолдама иеленіп, онда Республикалық турда облысымыздың атынан қатысады.
Студенттеріміз бен түлектерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметінде табыс тілейміз!