Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері «Үздіксіз дамудың кұпиясы» атты форсайт кездесуіне белсене қатысты. Оған қалалық жастар ресурстық орталығының маманы, журналист Амина Бақытбекқызы қатысты. Спикер әрбір адам алдына мақсат қойып, білімге ұмтылып, өзін-өзі тәрбиелеу керектігін атап өтті. Диалог барысында ол жастарға көптеген құнды кеңестер берді. Шара соында студеттер Ғ.Байғалиұлының «Үздіксіз дамудың құпиясы», С. Керімбайдың «Өмірге ғашық болу»,
Д. Лоэрдің, Т. Шварцтың «Жизнь на полной мощности» атты кітаптарымен танысты.