ҚАЕУ-дегі ата-аналар жиналысы

      04.05.2023 ж. Қазақстан-Американ Еркін университетінің базасында Өскемен экономика және қаржы колледжі түлектерінің ата-аналары үшін жұмысқа орналасуға арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өткізілді.

       ҚАЕУ – нің бірінші вице-президенті Жасұлан Ермолұлы Байкенов құттықтау сөз сөйлеп, Халықаралық әріптестік ЖОО-ның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты.

      ҚАЕУ-інің Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Дэниел Бэлласт халықаралық оқыту бағдарламалары туралы ақпарат берді.

       ҚАЕУ-інің маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы Азамат Бердібекұлы Бердібеков өзекті білім беру бағдарламалары, қабылдау және оқыту шарттары туралы сөз сөйледі.

      Жиналыс соңында ата-аналар ҚАЕУ-інің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, оларға толық жауап алды.

Ынтымақтастық үшін рахмет!

Поделиться: