07.04.2023 ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен колледждің өзара қарым-қатынасы» тақырыбында топтық ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында топ кураторлары ата-аналардың назарын ата-аналар да, педагогтар да балаларды тәрбиелеуде тығыз қарым-қатынас жасауы, өскелең ұрпақта туындайтын мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табуы қажет екендігіне аударды. Кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің экстремистік және деструктивті сипаттағы әрекеттері үшін жауапкершілігі туралы; кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды. Сондай-ақ, кураторлар ата-аналарды балаларымен көбірек уақыт өткізуге, олардың уақытына көбірек қызығушылық танытуға шақырды.

Колледж әкімшілігі мен педагогтар тобы сіздерге, құрметті ата-аналар, бірлік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!

Поделиться: