ӨЭжҚК ата-аналар жиналысы

03.06.2022 ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінде ата-аналар жиналысы өтті, онда өзекті мәселелер қамтылды.
Директордың оқу-тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары А. Н. Ерімбетова оқу жылының қорытындысы және жазғы емтихан сессиясын ұйымдастыру жөнінде сөз сөйледі. Буллинг және кибербуллинг мәселесін колледждің педагог-психологы Р.Б.Төлегенова ашып түсіндіріп берді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.В.Сорокина ата-аналарға балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы, Жазғы кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салды.
Колледж әкімшілігі мен педагогтар командасы сіздерге, құрметті ата-аналар, бірлік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!
Сіздерге зор денсаулық және оқуда табыс тілейміз!

Поделиться: