Ынтымақтастық шеңберіндегі өндірістік практика

 

Өскемен экономика және қаржы колледжі, «Өскемен қаласының карьерлік орталығы» ШҚО ЖҚЖБ «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ және «Қазпошта» АҚ арасындағы үшжақты меморандум аясында студенттер қазіргі таңда өндірістік тәжірибеден өтуде. Бұл бастама оқушыларға нақты кәсіби ортада практикалық жұмыс тәжірибесін алуға, теориялық білімді практикада қолдануға және кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Тәжірибе компания қызметінің логистика, қаржылық қызметтер және операциялық қызмет сияқты түрлі бағыттарын қамтиды. Студенттер қазіргі заманғы технологиялармен белсенді түрде танысады, нақты міндеттерді орындауға қатысады және кәсіпорынның ішкі процестерін зерделейді.

Білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы мұндай ынтымақтастық жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, оларға таңдалған саладағы жұмыс ерекшелігін жақсы түсінуге көмектеседі және олардың еңбек нарығына табысты кірігуіне ықпал етеді.

Поделиться: