Өндірістік тәжірибе және жасанды интеллект: колледж студенттері инновациялық жобалар әзірлеуде
Өскемен экономика және техника колледжі ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды жалғастыруда. 2025 жылдың 7 ақпанында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент Dos AI жобасының таныстырылымы өтті. Жобаны колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алушы студенті Кушнарев Денис Михайлович әзірледі.
Dos AI – кітапхананың пайдаланушылармен өзара әрекетін жеңілдетуге арналған инновациялық цифрлық ассистент. Ол қажетті ақпарат пен кітаптарды табуға көмектеседі, кітапхананың жұмыс тәртібі туралы сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ қазіргі көрмелер мен іс-шаралар жайлы хабарлайды.
Жобаның маңыздылығын мойындай отырып, кітапхана колледж директоры Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлына және оқытушылар құрамына дарынды мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті. Арнайы пәндер оқытушылары Мустафина Сағыныш Жанахметовна мен Ақбаева Назгуль Тұрысбекқызына ерекше алғыс білдірілді.
Dos AI әзірленуі кітапхана қызметін цифрландырудың кезекті қадамы болып, пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл жоба колледж студенттерінің жоғары деңгейдегі даярлығын және ақпараттық технологиялар саласындағы инновацияларға деген ұмтылысын көрсетеді.