Колледждің кәсіби бағдар беру тобы ата-аналармен кездесті: №37 мектептегі «Мамандықтар жәрмеңкесі»
Өскемен экономика және техника колледжінің кәсіби бағдар беру тобы №37 орта мектепте өткен «Мамандықтар жәрмеңкесі» форматындағы ата-аналар жиналысына қатысты.
Кездесудің мақсаты – ата-аналарды техникалық және кәсіптік білімнің артықшылықтарымен, сондай-ақ колледжімізде білім алудың ашатын кең мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Колледж оқытушылары экономика, IT, техник-механик, менеджмент және маркетинг бағыттары бойынша жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Ата-аналарға қабылдау шарттары, оқу барысы және колледж түлектерінің жұмысқа орналасу перспективалары таныстырылды.
Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етіп, мектептер мен кәсіптік оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтады.