Мамандық мектептен басталады: колледж саналы таңдау жасауға көмектеседі

Өскемен экономика және техника колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Еримбетова Аманкуль Налжигитовна мектеп оқушыларына арналған «Менің мамандығым – менің болашағым» атты кәсіби бағдарлы зияткерлік-танымдық ойынына сарапшы ретінде қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына мамандық таңдау жолында бағыт беру және колледжде білім алуға қызығушылықтарын арттыру. Мұндай бастамалар оқушыларға жұмысшы және техникалық мамандықтардың ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді, ал колледждерге өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырып, болашақ талапкерлермен байланыс орнатуға жол ашады.

Бүгінде техникалық және кәсіби білім беру өзектілігін арттыруда. Осы секілді кездесулер кәсіби білімді насихаттауға септігін тигізіп, жастарға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.

Поделиться: