Өнерімді еліме арнаймын

Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада жазушы, ұстаз, драматург, сыншы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Айзат Рақыштың «МЕНІҢ СУРРОГАТ АНАМ» және «ӘМІРДІҢ МОНОЛОГЫ» атты жаңа кітаптарының тұсаукесеріне қатысты.

«Жастарымыздың кітап оқуға деген ынтасы артсын» деген  ниетпен ақ сандықтағы  қос  кітаптың тұсауын кесу құрметін   оқуда үздік  студентіміз 24МД-11к тобының студенті Төлеуханова Маликаға берілді.

Салтанатты сәттен кейін жазушы Айзатпен  сырлы сұқбатта, тұсауы кесілген кітаптарындағы қозғалған бүгінгі күннің өзекті проблемалары қатысушылардың ой-санасына керемет әсер етті. Өз кезектерінде жазушыға арналған сұрақтарының ішіндегі ең ойлы да мағыналы сауал қойған студенттерге жаңа кітаптарын тарту етті.

Кездесу соңында қатысушылар автордың қолтаңбасы қойылған кітаптарын естелік ретінде алып, суретке түсті. Айзат Рақышпен өткен бұл кездесу – колледж студенттерінің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа деген шабыт сыйлады, жастардың рухани дүниесін байытуда маңызды мәдени шара болды.

Поделиться: