Колледждің «Көктем әуені» экологиялық акциясын қолдауы

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері мен оқытушылары «Көктем әуені» экологиялық сенбілігіне белсене қатысты.

Акцияға қатысушылар аумақты қоқыстан, құрғақ бұтақтар мен жапырақтардан тазалап, туған қаламыздың көркеюі мен тазалығына өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар колледжімізде жылдар бойы қалыптасқан жақсы дәстүрге айналған. Олар экологиялық сана қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелейді.

Колледж барлық белсенді және бейжай қарамай қатысқан жандарға алғыс білдіреді. Тазалық пен экологияға деген жанашырлық әрдайым жалғасатын игі дәстүр бола берсін!

Поделиться: