Жасанды интеллект элементтері қолданылған қазақ әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ

 

Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Ауеспаева Анар Аскаповна 1- ші курс студенттеріне арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында мәтіндерді талдау, тапсырмалар құрастыру және шығармашылық жобалармен жұмыс істеу үшін жасанды интеллект құралдары қолданылды. Мұндай тәсіл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етті.

Оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу өзінің тиімділігі мен өзектілігін көрсетті. Бұл сабақ гуманитарлық пәндерді оқытуда жасанды интеллектті тиімді пайдаланудың жарқын үлгісі болды.

Поделиться: