Қаржылық қауіпсіздіктің негіздері: студенттер үшін
маңызды дәріс
Өскемен экономика және техника колледжінде студенттерге арналған қаржылық қауіпсіздік негіздеріне қатысты лекция өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Лекцияда заманауи цифрлық дәуірдегі қаржылық қауіп-қатерлер мен олардан қорғану жолдары сөз болды.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Динара Алпысбаева қаржылық пирамидалардың нақты мысалдарын келтіріп, олардың азаматтарды қалай алдайтынын және ондай жағдайлардан қалай сақтану керектігін түсіндірді. Сондай-ақ интернеттегі алаяқтық түрлері мен жалған инвестициялық ұсыныстар жайлы кеңінен баяндады.
Іс-шараға Amanat партиясының “Қарызсыз қоғам” жобасының менторы Ермек Жұмағұлов қатысып, жастарға қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Лекция студенттер үшін пайдалы әрі танымды болды.