«ЕҢБЕКТЕ БІРЛІК: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

2025 жылғы 17 сәуірде Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан-Америка еркін университетінің бірлесуімен ұйымдастырылған «Еңбекте бірлік: Жұмысшы мамандықтар жылы» атты облыстық жастар форумына қатысты. Аталған шара өңір дамуына елеулі үлес қосқан жұмысшы мамандық иелері мен жастардың еркін пікір алмасуына арналған маңызды алаңға айналды.

Форум ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көлік, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп, логистика, банк ісі және басқару салаларында еңбек ететін мамандармен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу жастарға әр саланың еңбек жағдайлары, кәсіби мүмкіндіктері мен ел экономикасындағы маңызы жайлы тереңірек түсінуге жол ашты.

2025 жылдың елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы — мұндай кездесулердің өзектілігін айқындай түседі. Колледж студенттерінің форумға қатысуы — еңбекті қадірлеу мен болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған маңызды қадам болды.

Поделиться: