ҚАЕУ-мен халықаралық серіктестік: сарапшы Джеймс Ивенсон студенттерге бизнес-идеяларды генерациялау бойынша шеберлік сағатын өткізді
Колледжде «Ignite your ideas in 90 minutes» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Іс-шара студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға арналды. Тренинг спикерлері – КАСУ-дың тең құрылтайшысы әрі серіктесі Джеймс Ивенсон және жастар бастамалары жөніндегі маман Диана Медельханова болды.
Интерактивті және шабыттандыратын атмосферада қатысушылар бизнес-идеяларды генерациялаудың негізгі кезеңдерімен, стартап мәдениетінің негіздерімен және жеке жобаларды дамыту стратегияларымен танысты. Студенттер жоғары қызығушылық танытып, тапсырмаларға белсенді қатысып, креативтілік пен бастамашылдықтарын көрсетті.
Тренинг жастар үшін жаңа білім алып қана қоймай, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға алғашқы қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды.